Әкесі баланы үйде қалдырып, дүкенге шығып кеткен.
Астанада үш жасар бала үйге қамалып қалған
www.istockphoto.com
538
оқылды

Бала үйдің есігін аша алмай, жалғыз қамалып қалған. Көмекке астаналық құтқарушылар келген. 

«Оқиға елорданың көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде болды. Әкесі баланы үйде қалдырып дүкенге шығып, есікті кілттеп қойған. Артынан қайта аша алмай қалған. Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласты», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада. 

Құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 9-қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірген.

«Құтқарушылар баланы тыныштандырып, есікті іштен ашты. Нәресте зардап шеккен жоқ», – дейді төтенше жағдайлар ведомствосынан.