Ол Түркістан облысы Жетісай қаласында тұратын 7 жасар бала болып шықты.
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
380
оқылды

Видеода бала құжаты жоқ болғандықтан, мектепке бармайтынын айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

TikTok желісінде жарияланған видеодан кішкентай бала арбамен ауыр заттарды сүйреп бара жатқанын көруге болады. Видео авторы баланы тоқтатып, не істеп жүргенін сұрайды. Бала әкесімен бірге тұратынын, өзі 7 жаста екенін, өзінен кішкентай бауыры бар екенін, құжаты болмағандықтан мектепке бара алмайтынын айтады. Сондай-ақ видеоның сипаттамасында баланың анасы жоқ екені жазылған.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аталмыш видеоға қатысты пікір білдірді. Комитет видеодағы бала Түркістан облысының Жетісай қаласында тұратынын растады. 

Комитет желідегі видеодан кейін екі бала да уақытша тұру үшін мамандандырылған мекемеге орналастырылғанын хабарлады.

– Осы жағдайды реттеу үшін мемлекеттік орган бекіткен алгоритмге сәйкес арнайы топ жұмылдырылғанын хабарлаймыз. 7 жасар бала мен оның бауыры қауіпсіздікте. Қазіргі уақытта құзырлы органдар балалардың денсаулығын тексеріп, құжаттарын және барлық құқықтарын қалпына келтіру мәселелерімен айналысуда, – делінген хабарламада.

Балалар құқықтарын қорғау комитеті балалар анасының тірі екенін мәлімдеді.