Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ҚПК-нің 656-бабына сәйкес шешті.
Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір іс қаралды
www.istockphoto.com
461
оқылды

Кеше Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында алаяқтық жасауға оқталу және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін сотталған Грачеваға қатысты іс апелляциялық тәртіппен қайта қаралды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін алқабилер кесімімен Грачева Нұрлыбекованың ұлы – сотталған Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін көмектесе аламын деген сылтаумен оны апелляциялық сатыдағы судьяларға аса ірі мөлшерде 100 миллион теңге сомасында пара беруге итермелегені және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп тапқан.

Грачеваның қылмыстық әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері әшкереленуіне байланысты өзіне қатысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткізілмеді. Аталған кесіммен келіспей, ол аппеляциялық шағым түсірді.

Іс бойынша заң бұзушылықтар болмағандықтан сот тергеуінің барлық сатылары, атап айтқанда ҚПК-нің 650-бабына сәйкес айқындалған алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерiне сай заңның белгіленген нормаларына сәйкес жүргізілгендіктен апелляциялық сатыдағы сот айыптау үкімімен келісті. 

Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ҚПК-нің 656-бабына сәйкес шешті. Сот актілері заңды күшіне енді.