Ол 26 қарашадан бастап іздестірілуде.
"Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясының директорына іздеу жарияланды
2,157
оқылды

Қазақстандық кәсіпкер, "Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясы" АҚ бас директоры Дәурен Мұсаға халықаралық іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында оның 26 қарашадан бастап, яғни үш күннен бері іздестіріліп жатқаны айтылған.

Іздестіру карточкасынан іс 2024 жылғы 26 қарашада Алматыда тіркелгені белгілі болды. Бастамашы – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі (ІІМ).

Аталған дерек бойынша Алматы Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі шағын түсініктеме берді.

- Аталған адамды Алматы ПД Криминалдық полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша (алаяқтық) іздеуде. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде, – деді полиция өкілдері.

Дәурен Мұса 2011 жылы "CRISP Aelita" АҚ акцияларының 49,5%-ын сатып алып, кейін "Байқоңыр" РСК атауын өзгертіп, "Боран" компаниясына иелік ететін компанияның 80% акциясының иесі атанған.