Құр бекерге жатпайық,
Кел, жаңылтпаш жаттайық!
Жаңылтпашты жаттаған
Құрдастарды жақтайық.
Жаңылтпаш
222
оқылды

Құр бекерге жатпайық,

Кел, жаңылтпаш 

жаттайық!

Жаттағанға жаңылтпаш

«Үздік» деген ат лайық!

Кел, жаңылтпаш жаттайық!

***

Астана – менің жас қалам,

Жас қала – менің Астанам!

Астана – менің бас қалам,

Бас қала – менің Астанам!

Астана – менің Астанам!               

***

Мединаның анасы – Марал,

Мадинаның анасы – Самал.

Адинаның анасы – Жамал,

Қалиманың анасы – Амал.

Марал – Мединаның анасы,

Самал – Мадинаның анасы.

Жамал – Адинаның анасы,

Амал – Қалиманың анасы.

Кім кімнің болды анасы,

Байқап бір өзің қарашы?

***

Тағатта сағат бар ма?

Таңатта сағат бар ма?

Тағатта сағат бар болса,

Тағат сағатын 

Таңатқа берсін!

* * *

Қорғанбай қорғанды

 қорғайды,

Қорғанбай қорғанды

 қорғамаса,

Қорғанбайдан басқа 

қорғанды кім қорғайды?

Асу, ашу, ас су, аз су:

Аз су, ас су, ашу, асу.

* * *

Түнім күнге,

Күнім түнге ауысты.

Түнім күнге,

Күнім түнге ауысқаны 

жақсы ма?

Түнім түнге,

Күнім күнге ауысқаны 

жақсы ма?