Қазір жол-көлік оқиғасы жиілеп, еліміз аумағындағы үлкенді-кішілі автожолдардың бойында қайғылы оқиғалар көбейіп кетті.
Жолды «Сұңқар» бақылайды
фото: polisia.kz
270
оқылды

Мұндай өкінішті жағдайлар жайлы ақпараттар легі толастамайды. Күрежолдар жақсара бастағанымен, жол қозғалысы ережелерін сақтамайтындар саны азаяр емес. Осыған байланысты қазір жол қозғалысын бақылауды барынша күшейтуге назар аударыла бастады. Жақында Алматы облысының негізгі автомагистралдарында 11 заманауи «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға берілгенін аталған бағыттағы нақты қадамдардың бірі ретінде бағалауға болады. 

– Бұл жоғары технологиялық жүйелер Алматы-Көкпек-Көк­тал, Алматы-Шелек-Қорғас және Ал­маты-Өскемен трассаларында орнатылған. «Сұңқар» кешендері жол жағдайын тәулік бойы ба­қы­лауға арналған. Олар жылдамдық режимінен асып кетуді, жол қоз­ға­лысы ережелерін бұзуды және жүр­гізушілердің басқа да қауіпті әрекеттерін бірден тіркейді. Жол қозғалысын бақылауды барынша кү­шейтудің басты  мақсаты – жол­дағы апаттылықты азайту, кө­лік жүргізу мәдениетін арттыру жә­не жол қозғалысы қауіпсіздігін қам­тамасыз ету. Жол қауіпсіздігін қам­тамасыз ету – біздің басты ба­сымдығымыз. «Сұңқар» сияқ­ты технологиялар қозғалысқа қа­­­­тысушылардың өмірі мен ден­сау­лығын қорғай отырып, тиімді әрі жедел әрекет етуге көмекте­се­ді,  – дейді Облыстық әкімшілік по­­лиция басқармасының басты­ғы Еркебұлан Ахметов.

Бағдарламалық қамтамасыз еті­луі мен айқындығы аса жоғары ка­мералардың көмегімен авто­мат­ты түрде жұмыс істейтін ап­па­р­аттық-бағдарламалық кешен жүйенің арқасында жол апаттары ба­рынша азаяда деген үміт үлкен. Ке­шендерге түскен ақпараттар бір­ден бірегей базаға жолданып, сон­да өңдеуден өткізілген соң тәр­тіп бұзған жүргізушілерді жауап­кершілікке тартуға негіз бо­лады. 

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы