Талдықорғанда бейтаныс әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жұртшылықтың талқысына түсті.

Талдықорғанда әйелге шабуыл жасау оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Aykin.kz.

Бейнематериалда әйелдің орындықта жылап отырғанын және оны полиция қызметкерлері қоршап алғаны байқалады.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Шабуыл жасаған күдікті қатты мас болған. Ол ұсталып, медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.