Ақмола облысында жеке үйде өрт шығып, екі бала қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Бұланды ауданындағы Шұбарғаш ауылында болған. 2017 және 2021 жылы туған екі бала жану өнімдерінен уланып қайтыс болды, - деп мәлім етті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"ТЖД телефондарына қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді", - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себептерін облыстық өрт сөндіру бөлімінің ғылыми-зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері анықтап жатыр. Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.