Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ болады.
Көктайғақ болады: 2 желтоқсанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
2,581
оқылды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 2 желтоқсанда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ болады. 

Ал Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал. 

2-3 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады. 

Ертең Қарағанды облысында жолдарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең орталығында, таулы аудандарында тұман болады. 

2 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. 

Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал. 

Астана қаласында түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. 

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оның екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, ал түнде және таңертең Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.