Қазақстандық боксшы қарсыласынан төрешілердің шешімі бойынша басым түсті.
Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатының ширек финалына өтті
303
оқылды

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасуда. Жарыстың кезекті күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ұлжан Сәрсенбек шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлжан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін украиналық Карина Вовкқа қарсы өткізді.

Қазақстандық боксшы қарсыласынан төрешілердің шешімі бойынша басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуі тиіс Алуа Балқыбекова денсаулығына байланысты жарыс жолынан шығып қалған еді.