Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсете алмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дәрігердің шешімі бойынша ол денсаулығына байланысты жарыстан шеттетілген.
“Орташа дәрежедегі ішек синдромымен жедел гастроэнтеритке байланысты спортшыны жарыстан шығару туралы шешім қабылданды”, – деп мәлімдеді ҚБФ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алуа алғашқы кездесуін 2 желтоқсанда өткізуі керек еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.