Спортшы желі қолданушыларының сынап жатқаны өзіне ауыр тигенін жасырмады.
«Олимпиадаға барып, жылап-жылап көлік алды»: Әбиба Әбужақынова өзін сынағандарға жауап берді
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
2,560
оқылды

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасынан оралғаннан кейін өзін сынап жатқан оқырмандарына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортшы Олимпиадада медаль алмағанмен, елге келгенде кәсіпкерлер үш көлік сыйға тартқан. Осыны желі қолданушыларының сынап жатқаны өзіне ауыр тигенін жасырмады. 

«Жинақ ашып, «Әбибаға машина әперейік» деп, халықтан ақша жинаған жоқ. Жеке кәсіпкерлер өз қалталарынан беріп жатыр. Маған біреу «Сен жылап-жылап, машина алып алдың» деп жазып жіберіпті», - дейді дзюдошы sportbugin подкастында.

Спортшы қандай күйде тұрса да, эмоциясын сол сәтте, яғни татамиде шығаратынын айтып, ағынан жарылды.

Айта кетелік, Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aqyrys Seitqazy (@aqyrys_seitqazy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.