Жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.
Ақтөбе облысында 600 миллион теңгеге салынған жол жарамсыз болып қалды
Көрнекі сурет
969
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және оның аумақтық департаменттері жемқорлық тәуекелдерін жою және автожол саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәселен, Ақтөбе облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жол жобаларын жоспарлау кезінде ауқымды кемшіліктер анықталды.

Мысалы, биыл бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген «Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалған. Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған.

Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген.

Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.