Биыл Атырау облысында 22 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды

Өңірде 49 мыңнан аса азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 31 374 жұмыс орны ашылды. Оның 22 мыңға жуығы – тұрақты.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өңір басшысының айтуынша, Атырау облысы республика бойынша инвестиция тартудан көш бастап тұр.

- Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестицияның 13%-ы Атырау облысына тиесілі. Ал биыл 6 айда шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Баршыңызға белгілі, Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аяқталып жатыр. Осы жоба аясында өңірге биыл 840 млрд теңге инвестиция құйылды. Дегенмен, аймақта өзге салаларды дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді, - деді С.Шәпкенов.

Жыл басынан бері Атырауда жалпы құны 46,1 миллиардтан асатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын басталады деп жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің батысындағы мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жылына 1,25 млн. тонна полиэтилен өндіретін «Силллено» зауыты мен  жылына 1 млрд. текше метр газ өндіретін Ескенедегі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жылдары  бутадиен, синтетикалық каучук шығаратын «Бутадиен» зауытының және газ бөлу кешенінің құрылысы басталады деп жоспарланған. 

Биыл Атырау облысында 22 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлім етті. 

Өңірде 49 мыңнан аса азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 31 374 жұмыс орны ашылды. Оның 22 мыңға жуығы– тұрақты. 1637 азамат «Бастау-бизнес» жобасы аясында оқытылып, 822 отбасы әлеуметтік көмек алды. 291 облыс тұрғынына жалпы сомасы 428,1 млн теңге қайтарымсыз грант берілді. 

-  Бұл шаралар өңірдегі жұмыссыздық деңгейін азайтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізді. Биыл 18 713 азамат «Болашақ» кеңею жобасынан босатылады деп болжанған еді.  1 қарашадағы жағдай бойынша  11 155 адам жұмысынан босатылды, оның 4104-і  (37%) – Атырау облысының тұрғыны. Жобаның аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған атыраулықтардың 90%-ы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, - деді С.Шәпкенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.