4 жасар баланың басы баспалдақтың темір қоршауында тұрып қалған.
Қызылорда облысында 4 жасар баланың  басы қоршауға қысылып қалды
Фото: ТЖМ
567
оқылды

Қызылорда облысында ТЖМ құтқарушылары төтенше жағдайда көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бүгін 112 пультіне Қызылорда қаласы Арай шағынауданының тұрғыны 4 жасар баласының басы баспалдақтың темір қоршауында тұрып қалғаны туралы хабарлады. 

Құтқарушылар оқиға орнына дереу барып, гидравликалық құралмен темірді кесіп, баланың басын босатты. 

Аман қалған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.