Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді.
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов қарсыласын нокаутпен жеңді
1,433
оқылды

Қазақстан құрамасының боксшысы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

1/4 финалда қазақстандық боксшы малайзиялық Ариф Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта кездесу тоқтатылып, Дулат жартылай финалға өтті. Осылайша, ол Азия чемпионатының медалін иеленді.