Жанжал салдарынан жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған.
Шымкентте жүргізушілер жол үстінде төбелес шығарды
Фото: polisia.kz
605
оқылды

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде автокөлік жүргізушілерінің арасында туындаған жанжалдың бейнежазбасы тарады. Бұл оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаментінің басшысы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ПД басшысының айтуынша, жанжал салдарынан жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы ретте ол азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқықбұзушылыққа жататынын еске салды.

Сондай-ақ полицей ешбір құқықбұзушылық жазасыз қалмайтынын атап өтті және қала тұрғындарын заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.