Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Алайда кейін жазбасын өшіріп тастады.
15 күнге кетіп бара жатырмын: қазақстандық танымал әнші қамауға алынды
9,644
оқылды

ARO лақап атымен танылған қазақстандық әнші Арман Көмекұлы 15 тәулікке қамауға алынады, деп хабарлайды Aykin.kz. 

Оның айтуынша, оқиға кеше болған.

"Кеше Шаляпин бойында келе жатқанымызда бізді жол-патрульдік полициясы тоқтатты. Себебі көлігіміздің сақтандыруы жоқ екен. Мен рульді масаң қалыпта айдаған жоқпын, сау кісіге  ағама берген болатынмын. Сол кісіден күдіктеніп, сараптамаға алып барып, қанынан жағымсыз заттар табылып, не керек 15 күнге кетіп бара жатырмын. Жазықсыз кетіп бара жатқан секілдімін. Өйткені өзімнің көлігімді сау адамға бердім деп ойладым",  деп жазды ол.

Әнші сонымен бірге сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін де мәлімдеді.

Алайда кейінірек бұл видеожазбасын өшіріп тастады.

Massaget.kz тілшісі Алматы Полиция департаментіне ресми сауал жолдады.