Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бірге ұшып келгендер карантинге жатқызылады
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бірге ұшып келгендер карантинге жатқызылады
© Бауыржан Жуасбаев
391
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатынын айтты. «Аталған азаматтар Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатыр. Бұдан бұрын айтқанымыздай, елімізде коронавирус тіркелген жағдайда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия тиісті іс-шаралар жоспарын бекіткен еді. «Б» жоспары бүгін күшін енді. Бірінші пациент 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген. Олардың кім екенін жариялай алмаймыз. Бір ер адам мен бір әйел. Екеуі де Қазақстанға ұшақпен ұшып келген. Бортта коронавирусты жұқтырғандармен бірге болғандардың бәрі де карантинге жатқызылады. Яғни, 9 наурызда бірге ұшқан 73 адамның кім екені анықталды. Олар бақылауда. Қайда екенін білеміз. Карантинге жатқызу шараларына кірістік. Олар ауру адамдар емес», - деді министр. Сонымен қатар ол бортта екі қазақстандықпен ұшып келген жолаушылардың тізімі бар екенін айтты. Сол ұшақтардың біріндегі 12 азамат қазіргі таңда карантинде жатыр. Еске сала кетсек , бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.