Ол облыс әкімінің қабылдауына кірмек болып барған.
Маңғыстаулық ер адам облыстық әкімдік алдында өзін өртеп жіберді
429
оқылды

5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ол облыс әкімінің қабылдауына кірмек болып барған, дегеніне жете алмаған соң өзін өртеп жіберген.

– Әкімдік қызметкерлері тұрғынға бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген күні қабылдауға келуін сұрады, – деп хабарлады облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Ер адамды Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Бірақ, оның бұған көңілі толмай, жанғыш қоспамен өзін-өзі өртеп жіберді.

Полиция мен әкімдік қызметкерлері өртті сөндірді. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Облыстық полиция бұл фактіге қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.