Жауапкер өз кезегінде сотқа тараған ақпараттың шындыққа сәйкестігін растайтын дәлелдемелерді ұсынбады.
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан елордалық кәсіпкерден 100 мың теңге өндіріп алды
Фото: istockphoto.com
842
оқылды

Талап қоюшы Филиппин Республикасының азаматшасы Б. жеке кәсіпкер М.-ға қатысты ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау, сонымен қатар моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сот анықтағандай, тараптар арасында бала күтушісі қызметін көрсетуге агенттік шарт жасалған.

2024 жылдың ақпан айында жауапкер Instagram әлеуметтік желісінде талап қоюшының төлқұжатын пайдаланып: «Еңбек міндеттерін орындамай, алаяқтықпен қашып кеткен жұмыскер. Өте сақ болыңыз!» деген жариялым жасаған.

Филологиялық-психологиялық зерттеудің қорытындысымен таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтын болса, ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді түсіретінін растады.

ӘК-ның 141, 143-баптарына сәйкес таратылған ақпараттың шындыққа сәйкестігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі.

Жауапкер өз кезегінде сотқа тараған ақпараттың шындыққа сәйкестігін растайтын дәлелдемелерді ұсынбады.

Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Талап қоюшының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жариялымдағы мәліметтер шындыққа жанаспайды деп танылды.

Сот жауапкерді сол БАҚ-та көрсетілген мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеді.

Сонымен қатар, жауапкерден 100 мың теңге моральдық зиян өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.