5 желтоқсаннан бастап Алматы «Әлемдегі ең ластанған ірі қалалар» тізіміне ресми түрде қосылды. Бұл рейтингті Швейцарияның IQAir халықаралық компаниясы жүргізеді.
Алматы – ең лас қалалар тізімінде
фото: ult.kz
241
оқылды

Сол күні Алматы ТОП-10 қатарына еніп, сағат 17:00-де 5-орынға көтерілді. Шаһар Карачи, Бағдат, Шанхай және Бішкек сияқты мегаполистермен бір қатарда тұр. Бесінші орында болған сәтте Алматыдағы орташа AQI (Ауа сапасының индексі) көрсеткіші 169 болды, бұл деңгей «денсаулыққа зиянды» деп саналады.

Енді алматылықтар қаладағы ауа сапасын әлемнің басқа ірі қалаларымен салыстыра алады.

Ірі қалалардың рейтингі шамамен 120 ірі әрі танымал мегаполисті қамтиды. Қалалар Ауа сапасының индексі (AQI) бойынша бағаланады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органдар, зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдар, компаниялар және еріктілер басқаратын мыңдаған мониторинг стансалары мен датчиктерден жиналған мәліметтер негізінде есептеледі. Рейтинг сағат сайын жаңарып отырады, бұл ауа сапасындағы өзге­рістерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Рейтингтің мақсаты – әлемдегі ірі қалалардың ауа сапасын қарапайым әрі түсінікті түрде көрсету. Бұл ормандардағы өрттер, биомассаның жануы, өндірістік белсенділік, құмды дауылдар және ауа райы жағдай­ларының ауаның ластануына әсерін айқындауға көмек­теседі.