Ерік Маржықпаев бұрынғы спорт министрі болған Ермек Маржықпаевтың туған ағасы.
Экс-министрдің ағасы төрешілерді ұрған: Қазақстан бокс федерациясы оны спорттан шеттетті
Видеодан алынған кадр
508
оқылды

Ақтауда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы республика чемпионатта бас төреші мен төрешіні ұрған жаттықтырушы Ерік Маржықпаев жарыстардан екі жылға шеттетілді, деп хабарлайды Aykin.kz. 

Қазақстан бокс федерациясы осындай шешім қабылдаған.

Бұған дейін аталған оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын. Онда Ерік Маржықпаевтың жарыстың бас төрешісі Бақытжан Бекпенбетовті ұрған сәті анық көрінеді. Ал, оларды ажыратуға келген төреші Ғани Ысқақов та Маржықпаевтан «таяқ жеп» қалған.

Айта кетейік, ол соққыға жығылған төрешілерден кешірім сұрады.

«Қазақстан бокс федерациясы Маржықпаев Е. мәселесі бойынша Атқарушы Комитеттің отырысын өткізіп, ҚР спорттық этикасының бұзылу мәселесін қарастырды. Отырыс нәтижесінде келесі шешім қабылданды: Маржықпаев Е. бапкерлерді, төрешілерді, жарыс ұйымдастырушыларын құрметтемегені үшін және ҚР спорттық этикасын бұзғаны үшін бокстан жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді», - делінген Федерация таратқан хабарламада.