Ол ата-анасы кішкентай кезінде ажырасқанын жеткізді.
«Әкем сол кеткеннен қайтып келмеді»: Нағима Есқалиеваның ұлы отбасы туралы айтты
Фото: instagram.com/dias_ablayev
12,309
оқылды

Әнші, блогер Диас Аблаев Тимур Балымбетовке берген  сұхбатында отбасы туралы айтты, - деп жазды Aikyn.kz. 

Ол ата-анасы кішкентай кезінде ажырасқанын жеткізді.

“Бір сәт қана есімде қалды. Жаңа пәтерге көшіп келіп жатқанда, әкем үйге кірген жоқ. Анам маған қарап тұрды да: “Балам, бәрі бітті” деді. Әкем есікті жауып кетіп қалды. Мен ешқашан екеуінің ұрысқандарын көрмеппін. Енді үшеуміз бірге тұрмаймыз деген ой болған жоқ. Әлі бала болғасын, әкем келгесін бірге ойнаймыз деп ойладым. Бірақ әкем сол кеткеннен анама қайтып келмеді. Сол кезде-ақ түсіндім. Әкемді ешқашанда жамандаған емеспін. Ол қарым-қатынас құруға, адаммен тез тіл табысуға өте бейім. Ата-анамның ажырасуын айту әлі күнге дейін қиындау тиеді. Бірақ өмір болғасын, ондай дүниелердің болуы – заңдылық. Ең қызығы, әкеммен араласып тұрғаныммен, тереңге бойлап, сырласып көрмеппін”, – дейді Диас. 

Ол анасы екінші рет тұрмысқа шыққанын, некесі сәтсіз болғанын айтты. 

“Әкем кеткеннен дейін анам екінші рет тұрмыс құруға шешім қабылдады. Ол сәттерді еске түсіру өте ауыр. Көп жерде айтқым келмейді. Одан кейін ол кісі қайтыс болып кетті. Тіпті мені “әке” деп айтуға мәжбүрледі. Анама бұл кісімен қалса, өте қауіпті әрі қиын екенін ескерттім”, – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.