Дәлізді жаңғырту транзиттік әлеуетті дамытуға, жолаушылар ағынын арттыруға және аймақтағы Балқаш көлі сияқты туристік нысандарды танымал етуге ықпал етеді.
Қарағанды-Балқаш республикалық автожолының құрылысы аяқталды
933
оқылды

Ұзындығы 363 шақырымды құрайтын учаске "Орталық-Оңтүстік" (Астана-Қарағанды-Алматы) стратегиялық көлік дәлізінің негізгі бөлігіне айналды, -  деп хабарлайды Aykin.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Реконструкциялау кезінде жол III-тен I-b техникалық санатына ауыстырылды, бұл көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын айтарлықтай арттыра отырып, төрт жолақты қозғалысы бар жолды бөлетін тосқауылмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жоба кезінде 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 32 жол өткелі, үш көлік айрығы, теміржол арқылы өтетін бір жол өткелі салынды.

"Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін 18 демалыс орны, 24 аялдама жабдықталды, 1 452 жарықтандыру бағаналары орнатылды. Учаскедегі қозғалыс қарқындылығы қазірдің өзінде тәулігіне 18 мың автокөлікке жетеді және жазда бұл көрсеткіш 25 мыңға дейін артады", – делінген хабарламада.

"Орталық-Оңтүстік" көлік дәлізі Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын, сонымен қатар елді Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанмен байланыстыратын транзиттік бағыттар маңызды рөл атқарады.