Ең алдымен көлікті техникалық байқаудан уақытында өткізу керек.
ТЖМ көлікті өрттен қорғаудың жолдарын жариялады
508
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне кеңес берді, - деп хабарлайды Aykin.kz. 

Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

- көлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;

- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;

- әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;

- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;

- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;

- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.