21 жастағы Жахонгирдің алдын орап кетті.
Азия чемпионаты: салмағын ауыстырған Айбек Оралбай Өзбекстан боксшысы Жахонгир Зокировті жеңді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
455
оқылды

Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тоғызыншы боксшымыз финалға өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, көпшілік асыға күткен +92 келінің жартылай финалында ұлттық құрамамыздың капитаны Айбек Оралбай мен Өзбекстанның талантты боксшысы Жахонгир Зокировтың жолы түйісті. 

Әбден ысылған, тәжірибесі мол жерлесіміз алғашқы минуттан басымдықты өз қолына алып, 21 жастағы Жахонгирдің алдын орап кетті. Есеп: 5:0. 

Айбек жаңа салмақта сенімді түрде финалға шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.