9 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады.
Тұман түседі: 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
695
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 9 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 4-9, облыстың шығысында 13-18 градус аяздан 18-23, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін, күндіз 4-9, облыстың шығысында 13 градус аяздан 15-20, облыстың шығысында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

10 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың шығысында 30 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі мүмкін.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 17-22 м/с болады.

9 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. 

Астанада кей уақыттарда тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

9 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. 

Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.