Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы ҰОК президенті Геннадий Головкинді қабылдады
432
оқылды

Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин Президентке Ұлттық олимпиадалық комитеттің атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, құрама командаларымыздың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет.

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.