Полиция тергеу жұмыстарын бастады.
Алматыда егде жастағы ер адам автобуста оқушыға шабуылдады
640
оқылды

Алматыда автобуста оқушы қызға шабуыл жасаған егде жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция осы іс бойынша тергеу жұмысын бастады.

– Аталған факт бойынша Әуезов ауданының Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқық бұзушының кім екені анықталып, ол ұсталды. Фигуранттың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаның видеосы алдымен әлеуметтік желіде тараған. Оқушы қыздың сөзінше, ер адам оны аяғынан теуіп оятқан. Кейін сөзбен тиісіп, соңында оның бетіне соққы жасап, көзілдірігін жұлып алып, сындырып тастаған.