Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылған болатын.
Жұлдыз Әбдікәрімованы алдап соққан құрылыс компаниясы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
469
оқылды

Ол бірнеше рет соттасқан. Енді бірнеше адамды алдаған құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәбірленуші ретінде Ж. Әбдікәрімова заңгерлердің көмегіне сүйеніп, пәтерін қайтарып алу мақсатында, аудандық, содан кейін қалалық сотқа жүгінеді. Екі соттың шешімі де жәбірленушінің пайдасына шешілмей, пәтер де, құрылыс компаниясы салып беруі тиіс болған коттедж де қайтарылмады.

- Екі соттың да барысында заңсыз әрекеттер орын алып, соттың талаптары орындалмады. Жауап беруші екі соттың да отырысына қатыспады. Жәбірленушінің келтірген дәлелдері сот тарапынан ескерусіз қалдырылды, – деп хабарлады Астана қаласының соты.

Бүгінде іс Жоғарғы сотқа берілген.

Айта кететін жәйт, «TUMARGrandVillage» құрылыс компаниясына алданып, үлкен соммадағы қаражатын қайтара алмай отырған жәбірленушілердің саны оннан асады.

Бүгінгі таңда жәбірленушілердің топтық шағымдануымен құрылыс компаниясының басшысына алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы орайда, Қазақстан Республиканың азаматшасы, көпбалалы ана ретінде Ж. Абдукаримова басынан өткен заңсыз іс-әрекеттерге көпшіліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудартып, шындықтың орнайтынына үміттенеді, – делінген хабарламада.