"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 10 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар, солтүстігінде қарлы бұрқасын болжанады. Елдің батысында, оңтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.