Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады.
Алматыда жекеменшік мектеп маңында тұрған көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz
414
оқылды

Бүгін таңертең Алматыда жекеменшік мектептің маңында тұрған көлік ішінен адам мәйіті табылды. Бұл  туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады. 

"Ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Осы факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған", – делінген хабарламада.

Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.