Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жеткенімен, өкінішке қарай ер адамды құтқарып қала алмады.
Алматы метросында ер адам рельске құлап, көз жұмды
280
оқылды

Алматы қаласындағы метроның «Абай» стансасында ер адам рельске құлап, көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жолаушылар вагонды итеріп, жігітті құтқармақ болған. Алайда көзі нашар көретін 26 жастағы ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған.

Қалалық Полиция департаменті осы факт бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушы перронға сағат 15.41-де құлап кеткен.

"Станса кезекшісі мен жүргізушінің жедел әрекет етуінің арқасында қозғалыс тоқтатылып, жолаушы перронға шығарылды", – делінген хабарламада. 

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жеткенімен, өкінішке қарай ер адамды құтқарып қала алмады.

Қазір метро қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

"Дегенмен полиция қызметкерлерінің тергеуі аяқталғанша Абай стансасына кіру уақытша жабылып, пойыздар көрсетілген бекетке уақытша тоқтамайды", – деп мәлімдеді Метрополитен баспасөз қызметі.