Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.
Тоқаев Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты
210
оқылды

Медициналық нысанда жылына 8 200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады. Сонымен қатар «Аңсаған сәби» жобасы аясында жылына 130 ЭКО жасалады. Ал ерте араласу орталығында 200 бала оңалту шараларымен қамтылады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке орталықта туа біткен сырқаты бар нәрестелерге 50 кардиохирургиялық және офтальмологиялық ота жасалғаны туралы мәлімет берілді.  Орталық ашылғанға дейін мұндай диагнозы бар сәбилер Астана қаласында емделген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекемеде жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан «Бір күндік клиника» жобасы таныстырылды. Аталған бастама қанмен берілетін ауруларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы жоба аясында бүгінге дейін 6 мың әйел медициналық тексеруден өткен.

Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.