Софья Сподаренко 50 метрлік қашықтықты баттерфляй әдісімен 26.06 секундта жүзіп өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Еліміздің жүзушілері әлем чемпионатында Қазақстанның екі рекордын жаңартты
Фото: ҰОК
314
оқылды

Будапештте (Венгрия) қысқа қашықтықта суда жүзуден әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы күннің өзінде елдің екі рекордын жаңартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Софья Сподаренко 50 метрлік қашықтықты баттерфляй әдісімен 26.06 секундта жүзіп өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стиль эстафетасында рекорд жасады. Әділбек Мусин, Егор Попов, Максим Сказобцов және Глеб Коваленя бұл қашықтықты 3.15.97 уақытпен аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.