Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған.
Шымкентте 50 жастағы ер адам бір жыл бұрын үйленген келіншегін буындырып өлтірді
Фото: istockphoto.com
583
оқылды

Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

otyrar.kz жазуынша, қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған.

Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Осыны ескерген сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

«Жұбайын өлтіру бойынша 1 факт орын алған. Бұл оқиға биыл болған. Сотталушы азамат жолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді. Сол қызғану себебінен ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айырылған. Жасы 50-дегі азамат», - деді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.