Танымал актриса Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласты.
Ажырасып кеткеннен ұялатын ештеңе жоқ: Әсел Сәдуақасова болашақ жоспарын жариялады
asselsadvakassova
4,395
оқылды

Өнер иесі өзінен жеті жас кіші маркетолог маманы Мағжан Тілеухановпен ажырасып кеткен болатын, – деп жазады Aikyn.kz.

“Ажырасып кеткеннен ұялатын ештеңе жоқ. Ешкімді кінәлай алмаймын. Мен отбасым үшін керек адаммын. Болашақта басымнан өткен дүниелерден сабақ алуым керек. Жеке тәжірибемдегідей оқиға қайталанбайды деп ойлаймын. Бұл жағдайдың не себепті болғанын екі жастан басқа ешкім білмейді. Тұрмысқа шығар алдында ажырасу туралы мүлдем ойламадым. Бірақ екі жаққа кеттік. Ажырасу – жеңіліс емес. Одан кейін мен қиын жағдайға төтеп бере алмадым дегенді білдірмейді”, – деді өнер иесі. 

Кинопродюсер жолдасы екеуі жақсы дос бола білгенімен, отбасы ретінде тіл табыса алмағанын мәлімдеген.

"Бұл ортақ шешім болды. Ешкім ешкімді тастап кеткен жоқ, бұл шешімге дейінгі әр қадамды жақсылап ойланып, бірге қабылдадық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық", – деген еді киножұлдыз.