Мәйіт 13 желтоқсан күні түстен кейін табылған.
Оралда Шаған өзенінен ер адамның мәйіті табылды
220
оқылды

Орал қаласындағы Шаған өзенінен ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт 13 желтоқсан күні түстен кейін өзеннің Садовое ауылына жақын бөлігіндегі мұз бетінен табылған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ.

"Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны. Жақын маңда қармақ табылды. Ер адамның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді", – делінген хабарламада.