Қымбат Досжан 2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Мұрат Савелиевті (Жәнібек) анасымен қауыштыру үшін жұмыс істеп жүргені белгілі.
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Фото: instagram.com/ kymbatdoszhan
890
оқылды

Тележүргізуші, диктор Қымбат Досжан әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қымбат Досжан 2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Мұрат Савелиевті (Жәнібек) анасымен қауыштыру үшін жұмыс істеп жүргені белгілі.  Ол жазбасымен шетелдіктерге бала сатқан адам бүгінде педагогика саласында қызмет ететінін меңзеді.

«Бауыржан Момышұлының «Ұстаз адал болу керек, адал емес адам ұстаз бола алмайды» деген сөзі бар. Ал қазақ баласын сатып, ақша алған әйел қазір мектепте сабақ береді...»,  деп жазды тележүргізуші әлеуметтік желіде.

Ол жазбасының соңына #Жәнібек деген есімді жазған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.