ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 2 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу облысында Достық-Мақаншы тасжолында жүк автокөлігі қар құрсауында қалып қойған, жүргізуші бірден 112 пультіне жүгінген.
ТЖМ құтқарушылары қатты боранға қарамастан, шақыру орнына келіп, фураның жүргізушісі мен жолаушысын Алакөл ауданының Достық стансасындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін эвакуациялады.
Саяхатшылар аман-есен.