Қайрат Нұртастың анасы келіні қателік жібергеннен кейін істі аяғына дейін жеткізуге тырысып жатқанын айтты.
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Фото: әлеуметтік желі
1,495
оқылды

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, келіні Жұлдыздың үйсіз қалғанына қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Қайрат Нұртастың анасы келіні қателік жібергеннен кейін істі аяғына дейін жеткізуге тырысып жатқанын айтты.

«Өзінің қателігі болғаннан кейін мойнымен көтеріп, тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Қайрат екеуміз түнде ұйықтамай концерт беріп, алып берген үй ғой, кішкене көрсін енді. Қайраттың бала-шағасы мен Жұлдыз үйсіз қалмайды. Олардың тұрып жатқан үйіне ай сайын миллионнан беріп отыр. Балалардың бәрі қымбат мектепте оқиды. Шопырына дейін төлеп отыр. Олардың барлық жағдайы жасалынған ғой. Соның барлығы Қайраттың еңбегі. Ол үшін бізді кінәләудің қажеті жоқ. Қайрат отбасын жақсы көреді. Жұлдызды да қалай жақсы көретінін білесіздер. Жұлдыз да менің келінім. Өз қолымды кесіп, сіздерге жамандап отырмаймын. Жұлдыз жақсы үйде тұрғысы келеді. Олар 30-50 мың доллардың үйінде тұрмайды. Ол үшін Қайрат тағы еңбек ету керек», - деді Гүлзира Айдарбекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.