14 желтоқсанда Алматы – Өскемен тасжолының 938-шақырымында желдің қатты екпіні Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаның басты себебі – қолайсыз ауа райы.
«Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.