12 қарашада жоғалып кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің мәйіті Үлбі өзенінің жағасынан табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесі 13 желтоқсанда табылған.
"Полиция қызметкерлері 13 желтоқсанда Өскеменнің Протозанов көшесінен Үлбі өзенінің жағасынан бұған дейін із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Әнел Еріктің мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.