Оны есептеу үшін көліктің жүріп өткен қашықтығын жүріп өткен уақытқа бөлу қажет.
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Фото: istockphoto.com
289
оқылды

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оны есептеу үшін көліктің жүріп өткен қашықтығын жүріп өткен уақытқа бөлу қажет.

"Орташа жылдамдық" айналма жолдары жоқ, қала сыртындағы және түзу сызықты жол учаскелерінде автоматты құрылғылармен есептелетін болады.

Бүгінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жүргізушілер тіркеу камераларымен анықталып, жауапкершілікке тартылып жатыр.

"Орташа жылдамдықты" бұзудың уақыты мен орнын камералар әр автокөлік үшін жеке анықтайды.

Қала сыртындағы трассаларда жол апаттары көп жағдайда жылдамдық режимін асыру салдарынан болады. Бұл өзгеріс осы талдауды ескере отырып енгізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.