Қазақстан құрамасының халықаралық турнирдегі ең жақсы нәтижесін ерлер эстафеталық командасы көрсетті.
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Фото: ҰОК
363
оқылды

Сеулде (Оңтүстік Корея) шорт-тректен World Tour турнирінің кезекті кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының халықаралық турнирдегі ең жақсы нәтижесін ерлер эстафеталық командасы көрсетті.

Денис Никиша, Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов және Мерсади Жақсыбаев В финалында жеңіске жетіп, жалпы есепте бесінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, В финалында әйелдер эстафеталық командасы да ел намысын қорғады. Яна Хан, Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова және Алина Әжіғалиева екінші орынға тұрақтады. Олар әлемдік рейтингте жетінші орынға жайғасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.