Құралай Анарбекова барған жерінде "Қашан тұрмысқа шығасың?" деген сауалдан шаршағанын айтты.
"Қысым жасайды": актриса Құралай Анарбекова жан сырын ақтарды
Фото: lofficiel.kz
2,682
оқылды

Танымал актриса Құралай Анарбекова журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, – деп хабарлады  Aikyn.kz.       

Құралай Анарбекова барған жерінде "Қашан тұрмысқа шығасың?" деген сауалдан шаршағанын айтты.

"Шыны керек, Қазақстанда өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Мен шетелде көп болдым. Олардан қашан тұрмыс құратынын сұрасаң, 35 жасқа қарай ойланатындарын айтады. Мүлдем асығыстық жоқ. Олар алдымен жұмыс істеп, ақша тауып, бір кәсіп ашып барып бір-ақ ойланады екен. Ал біздің елімізде "ештеңені ойлама, күйеуге шығып ал, туып ал" деп асықтырып жатады. Мен оны кім үшін жасау керекпіз деп ойланып қаламын. Ол баланы асырау керек. Оны сүймейтін адаммен бірге өсіресің бе? Онда өзің бақытсыз боласың. Маған көп ойлар келеді. Күйеуге шықпаған қыздар құдды қоғамның мүгедектері секілді. Олай болмайды. Бұл сөздер қыздың жанына батады. Қазақстанда бір жерге шықсаң да, қысым сезіледі", –  деді Құралай Анарбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.