Orange Bowl бейресми түрде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты саналады.
Қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетті
337
оқылды

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов АҚШ-тың Плантейшен қаласында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl жасөспірімдер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды,  деп хабарлайды Aikyn.kz olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жұптық сайыста жүлдеге ие болды. Финалда қазақстандық Әмір Омарханов пен ресейлік Тимофей Дерипаско швейцариялық Анри Берно мен чехиялық Денис Петак жұбын 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Orange Bowl бейресми түрде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты саналады. Турнирдің матчтары ашық корттарда өтті.