Бөлшектеуді меншік иелері сот орындаушыларының қатысуымен ерікті түрде бастайды.
Алматыда тағы екі заңсыз құрылыс нысаны бұзылады
260
оқылды

Алматыда сот шешімі бойынша екі тұрғын үй бұзылады. Олар Нұр-Алатау шағынауданы К. Тауасарұлы көшесі, 71/21 мекенжайдағы бір учаскеде орналасқан 3 қабатты үйлер,деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат беру құжаттарының толық пакетінің жоқтығы анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Көп ұзамай басқарма Бостандық аудандық сотына нысандарды бұзу туралы талап-арыз берді. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалды. 

Кейін сот шешімі Әділет департаментіне келіп түсіп, онда атқарушылық іс қозғалды. 

Бөлшектеуді меншік иелері сот орындаушыларының қатысуымен ерікті түрде бастайды. 

Айта кетейік, Алматыда өткен жыл басынан бері 62 құрылыс нысаны, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.