Республика бойынша желдің қарлы боранмен, тұманмен, көктайғақпен күшеюі күтіледі.
Боран, тұман, көктайғақ: 18 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,026
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz

Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін тигізеді, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстікте, солтүстік – батыста, орталықта қар жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында шығатын антициклонның жотасы жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды. Республика бойынша желдің қарлы боранмен, тұманмен, көктайғақпен күшеюі күтіледі.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.